22 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №607

305 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 7 тамыз, Астана, Үкімет Үйі «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 793-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін, сондай-ақ оларды осындайларға жатқызу критерийлерін бекіту туралы»; кіріспесі мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010жылгы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесі; 2) жер қойнауы учаскелерін, кен орындарын стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына жатқызу критерийлері бекітілсін.»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулыға қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы №607 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы №1137 қаулысымен бекітілген Жер қойнауы учаскелерін, кен орындарын стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына жатқызу критерийлері 1. Жер қойнауы учаскелерін, кен орындарын стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне, кен орындарына жатқызу үшін олар мынадай критерийлердің біріне сәйкес келуі қажет: 1) жер қойнауын пайдалануға арналған бір немесе бірнеше келісімшарт шеңберінде бір тұлға не үлестес тұлғалар тобы игеретін кен орындары тобының жер қойнауы учаскесінде болуы, олардың пайдалы қазбаларының алынатын қорының жиынтық шамасы мыналарды құрайды: Пайдалы қазба, қорлардың өлшем бірлігі Қорлар мөлшері 1 2 Көмірсутек шикізаты Мұнай, млн. т >15 Табиғи газ, млрд. м >10 Қара металдар кен орындары Темір кендері, млн. т >100 Марганец кендері, млн. т >20 Хромит кендері, млн. т >30 Түсті, сирек кездесетін және асыл металдар кен орындары Мыс, млн. т >5 Қорғасын, млн. т >2 Мырыш, млн. т >2 Бокситтер, млн. т >50 1 2 Никель, мың т >50 Вольфрам, мың т >100 Молибден, мың т >200 Алтын, т >50 Энергетикалық шикізат кен орындары Көмір, млн. т коксталатын >50 энергетикалық >500 қоңыр >500 Жанғыш тақтатастар, млн. т >500 Бейметалл пайдалы қазбалардың кен орындары Фосфориттер (кені), млн. т >200 Калий тұздары: хлорлы сұр түз, млн. т >600 күкіртқышқылды, аралас, млн. т >100 натрий сульфаты (мирабилит, тенардит), млн. т >10 Бариттер (кен), млн. т >10 2) жер қойнауы учаскесінің немесе кен орнының теңізде немесе ішкі су тоғанында орналасуы;3) елдің қорғаныс қабілеттілігі немесе ұлттық қауіпсіздігі мүдделері арқылы айқындалатын, игерілуі: Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қауіп төндіруге қабілетті немесе төндіретін; елдің қорғаныс қабілеті деңгейінің төмендеуіне, мемлекеттік шекараның қол сұғылмау­шылығына қатер төндіруге әкеп соқтыратын; экологиялық жағдайдың, оның ішінде ауызсу сапасының күрт нашарлауына, дүлей апаттар мен табиғи және техногендік сипаттағы өзге де төтенше жағдайларға, эпидемиялар мен эпизоотияларға әкеп соқтыратын жер қойнауы учаскелері немесе кен орындары; 4) уран кен орындары; 5) ірі елді мекендерді ауызсумен немесе шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға арналған жерасты суларының кен орны.